Орал ақпараттық технологиялар колледжінде «Мәнді тәрбие: куратор — болашақтың сәулетшісі» тақырыбында тәрбие жұмысы онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті.
Онкүндіктің басты мақсаты – тәрбие жұмысының маңыздылығын арттыру, студент тұлғасын қалыптастырудағы куратордың рөлін нығайту, рухани-адамгершілік құндылықтарды, азаматтық жауапкершілікті, отансүйгіштік пен мәдениеттілікті дамыту.
Тәрбие – тек білім мен ережелерді үйрету ғана емес, сонымен қатар өз бетінше шешім қабылдай алатын, айналасына құрметпен қарайтын, өз ісіне жауапты және болашағын нық қалыптастыра алатын тұлға тәрбиелеу.
Куратор – студенттің бағыт-бағдар берушісі, тәлімгері және болашаққа бастар жолындағы қолдаушысы. Ол студенттердің қабілеттерін ашуға, өмірлік құндылықтарын қалыптастыруға және дұрыс таңдау жасауына ықпал етеді.
Алдағы онкүндік жаңа идеяларға, қызықты іс-шараларға, шығармашылық бастамалар мен кәсіби шабытқа толы болсын!
Бүгінгі тәрбие – ертеңгі жарқын болашақтың негізі! 💫



