18.11.2026ж. Колледж кітапханасында Орал қалалық №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен Қ.Жұмаділовтың «Тағдыр» романының таныстырылымы өтті. Мақсаты:қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Қ.Жұмаділовтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру. «Тағдыр» романының тарихи маңызын ашу, шығарма арқылы қазақ халқының өткен тарихын, ел тағдырын, ұлт болмысын ұғындыру, оқырмандардың көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру. Шара соңында тақырыпқа сай кітап көрмесі таныстырылды.



