2026 жылғы 19 қарашада Орал ақпараттық технологиялар колледжінде 1-курс студенттеріне арналған «Цифрлық ортадағы адалдық: жаңа сын-қатерлер мен ашықтық» тақырыбында интерактивті семинар өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар цифрлық кеңістіктегі адал әрі жауапты мінез-құлық, цифрлық әдеп, ақпараттық қауіпсіздік және онлайн қарым-қатынастағы ашықтық мәселелерін талқылады.
Цифрлық мәдениетті қалыптастыруға, заманауи технологияларды жауапкершілікпен пайдалануға, интернет-алаяқтыққа қарсы тұруға және виртуалды ортада адалдық қағидаттарын сақтауға ерекше назар аударылды.
💡 Семинардың интерактивті форматы студенттерге талқылауға белсенді қатысуға, практикалық жағдайларды талдауға және цифрлық қоғамдағы жеке жауапкершіліктің маңызын түсінуге мүмкіндік берді.
Адалдық әрқайсымыздан басталады — шынайы өмірде де, цифрлық әлемде де!



