Орал қ., А. Каримуллин к-сі, 2/1а 8 (7112) 53-80-96 oral@itc.edu.kz Байланыс
  1. Басты бет
  2. Оқу
  3. Оқу әдістемелік кеңес

Оқу әдістемелік кеңес

2020-2021 оқу жылына арналған оқу-әдістемелік жұмыс жоспары
Колледждің әдістемелік тақырыбы: Білім берудегі жаңа технологиялар – педагогикалық процестің тиімділігін арттырудың негізі.

Әдістемелік қызметтің мақсаты: Білім мазмұнына сәйкес инновациялық білім беру арқылы кәсіби құзыретті мамандарды даярлау.

Міндеттері:

Педагогикалық кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
Колледждегі оқу-әдістемелік жұмыстарды үйлестіру;
Оқу үдерісіне жаңа және қолданыстағы технологиялар, әдістер енгізу, жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Аттестаттаудан өтетін педагог кадрлардың теориялық және әдістемелік деңгейлерін көтеру мақсатында әдістемелік көмек көрсету;
Педагогтардың өздігінен білім алуын, олардың шығармашылық өсуін ұйымдастыру және жетілдіру;
Педагогтар мен студенттердің зерттеушілік жұмысын ұйымдастыру және жетілдіру, конференцияларға, байқауларға, конкурстарға қатысуын қадағалау;
Жұмыстың негізгі бағыттары:

– оқу-бағдарламалық құжаттаманы уақтылы жаңарту, түзету және өзектендіру;

– колледждің материалдық базасы мен базалық кәсіпорындарды пайдалана отырып, білім беру үдерісіне озық технологияларды, оқыту нысандарын, әдістері мен құралдарын енгізу;

-орта арнаулы және кәсіптік-техникалық білім беру деңгейінде және мамандарды көп деңгейлі даярлау моделі шеңберінде мамандықтарды кешенді әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру;

– педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру;

– колледж педагогтары мен оқушыларының әртүрлі деңгейдегі байқауларға, көрмелерге, семинарларға қатысуы;

-кәсіптік-техникалық және арнайы орта білім беру саласындағы оқу-әдістемелік бірлестіктерге педагогтардың қатысуы;

– жас педагогтардың кәсіби дағдыларды меңгеру процесінде олардың қызметіне жетекшілік ету (жас педагог мектебінің жұмысы);

– озық педагогикалық тәжірибені зерделеу, қорыту және білім беру үдерісіне енгізу, педагогтардың портфолиосын қалыптастыру;

– білім беру үдерісі барысының жай-күйіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастыру.