27.10.2026ж. Колледж кітапханасында Д. Исабековтың «Гауһартас» шығармасы бойынша колледж оқытушыларымен кітап сағаты өтті. Мақсаты: Дулат Исабеков қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасымен, көркемдік жаңалығымен үлкен орын алған қаламгер. Шығармаларының желісі: ауыл өмірі, отбасы байланысы, ұрпақтар сабақтастығы, моральдық таңдау, махаббат пен мейірім сияқты мәселелерді көтерген жазушы шығармаларын оқырманға кеңінен таныстыру.



