28.10.2026ж. Колледж кітапханасында Орал қалалық №7,№8 кітапхана филиалдарының ұйымдастыруымен «Бөкей ордасы мен халық ерлігі. Исатай мен Махамбет» атты тарихи сағаты өтті. Мақсаты: Оқырмандарға Бөкей ордасының тарихы, Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері мен тарихи маңызы туралы мәлімет беру.Батырлардың ерлігі мен ел тәуелсіздігі жолындағы күресін таныстыру, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, тарихи тұлғалардың ісі мен ерлігін ұмыттырмау. Шара соңында тақырыпқа сай кітап көрмесі таныстырылды.



