Орал қ., А. Каримуллин к-сі, 2/1а 8 (7112) 53-80-96 oral@itc.edu.kz Байланыс
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

2026 жылғы 17 қараша күні Орал ақпараттық технологиялар колледжінде Халықаралық студенттер күніне орай 1-курс білім алушыларына арналған салтанатты шара ұйымдастырылды.

Мерекелік шара барысында бірінші курс студенттеріне студенттік билеттер табысталып, олар өздерінің өнерлері мен шығармашылық қабілеттерін ортаға салды. Сонымен қатар білім алушылар салтанатты түрде студенттік ант қабылдап, колледж студенттері қатарына қосылды.

Шараның ерекше сәттерінің бірі – «Қазақстан колледждерінің үздік 100 студенті» байқауының жеңімпазы Бердығали Диастың бірінші курс студенттеріне студенттік билеттерді табыстауы болды. Ол жас студенттерге алдағы студенттік өмірлерін табысты әрі мазмұнды өткізіп, білім мен ізденісті басты мақсат етіп, колледждің оң имиджін қалыптастыруға өз үлестерін қосуға шақырды.

Мерекелік шара көтеріңкі көңіл күйде өтіп, алғашқы студенттік өмірлеріне қадам басқан жастарға ерекше әсер сыйлады.

💫Барша бірінші курс студенттеріне сәттілік, жарқын жетістіктер және қызықты студенттік шақ тілейміз!