Республика күні – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздікке жасаған тарихи қадамын айшықтайтын, ұлттық рухымызды асқақтатып, бірлігімізді нығайтатын ұлық мереке!
Отанымыздың аспаны әрдайым ашық, тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз мәңгі болсын! Елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық орнап, халқымыздың ынтымағы мен бірлігі нығая берсін!
Әр шаңыраққа амандық, береке-бірлік, бақ-дәулет тілейміз! Қазақстанымыз көркейіп, көк Туымыз әрдайым биікте желбіресін! 🇰🇿
Республикамыздың мерейі үстем, болашағы жарқын болсын!



