🔰2025 жылы 3 қыркүйекте Орал қаласындағы 99250 Әскери бөлімнің қызметкерлері колледж студенттеріне “Ерлік сабағын” өткізді. Шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, отансүйгіштік сезімін арттыру болды.Бөлім командирінің орынбасары Шаймерденов Канатбек Мусрепович
студенттермен кездесу барысында жасөспірімдерге Отан қорғаудың қасиетті борыш екендігі, ел алдындағы жауапкершіліктің маңызын түсіндіріп, жастарға үлгі боларлық тағылымды ойлар айтты.
Бұл шара жас ұрпақтың елжандылық сезімін нығайтып, патриоттық рухын көтеруге ықпал етті.




