2026 жылғы 16 қазанда Орал ақпараттық технологиялар колледжінде 1-курс студенттеріне арналған «Демеу» жастар денсаулық орталығының мамандарымен кездесу өтті.
Іс-шараға қатысқандар:
- Нуржанова Мира Бактыгалиевна — «Демеу» жастар денсаулық орталығының меңгерушісі;
- Баракова Клара Максутовна — дәрігер-гинеколог;
- Гумарова Алтынай Сагынгалиевна — дәрігер-психиатр-нарколог;
- Жумалиева Назгуль Демеугалиевна — психолог.
Кездесу барысында мамандар студенттермен денсаулықты сақтау және нығайту, аурулардың алдын алу, өзінің физикалық және психологиялық саулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру мәселелерін талқылады.
Репродуктивті денсаулық, зиянды әдеттер мен тәуелділіктердің алдын алу, сондай-ақ жастар өміріндегі психологиялық денсаулықтың маңызына ерекше назар аударылды. Студенттер мамандардан пайдалы ақпарат пен кеңестер алып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, білікті жауаптар алды.
Мұндай кездесулер жастардың медициналық сауаттылығын арттыруға, өз денсаулығына саналы көзқарасын қалыптастыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.



