Орал қ., А. Каримуллин к-сі, 2/1а 8 (7112) 53-80-96 oral@itc.edu.kz Байланыс
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. WorldSkills

WorldSkill Oral чемпионаты өтті

Жаңақала колледжінде 2021 жылдың 15 маусымында WorldSkill Oral «жеңіл автокөліктерді жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Орал ақпараттық технологиялар колледжінің намысын «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының 3 курс студенті Кунаков Максим қорғады. Максим Батыс Қазақстан облысының барлық аймақтарынан келген сегіз қатысушы арасында алтын жеңіп алып, осы құзыреттіліктегі өзінің көшбасшылығын дәлелдеді. Оны лайықты жеңісімен құттықтаймыз. Сондай-ақ Максим Батыс Қазақстан облысының намысын республикалық деңгейде қорғайтын құрама командасына кірді. Сәттілік тілейміз және жеңіс!!!