Орал ақпараттық технологиялар колледжінде “WorldSkills Kazakhstan – ORAL-2021” өңірлік чемпионатының колледжішілік кезеңі «Графикалық дизайн», «Web — дизайн», «Автомеханик» құзыреттіліктері бойынша 12.04.2021 күні барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді.
Графикалық дизайнер — қоршаған ортаны графикалық құралдармен безендіру маманы. Дизайнердің маңызды қасиеттері: көркемдік талғам, бейнелі және көлемді кеңістікте ойлау, креативтілік, тапқырлық, көрнекі есте сақтау, заманауи мәдениетке қатысу.
Web — бағдарламашы маман әр түрлі тілдерде (PHP/ Perl/ Ruby, JavaScript, Java/С/C++ сирек және т.б.) бағдарламалау бойынша іскерліктерін меңгеруі, массивті деректер қорымен жұмыс істеу тәжірибесі, хаттамалық жүйені және басқа да өңдеу жүйелерін білу, желілермен, деректер қорымен жұмыс істеу, күрделі және жауапты жұмысты орындау бойынша іскерліктерін білуі қажет.
«Автомеханик» — автокөлікке техникалық қызмет көрсетіп, оның ақауларын анықтап, оны қалпына келтіріп жөндейтін маман. Яғни жұмыстың нәтижелі болуын, сапалы болуын, тиянақты болуын қамтамасыз етеді.
Жоғарыда аталған құзыреттіліктер бойынша үздік танылған студенттер дипломдармен марапатталды.
«Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша:
І дәрежелі дипломмен Хамитов Мансур
ІІ дәрежелі дипломмен Хамитов Рафаэль, Ислам Қадырбай
ІІІ дәрежелі дипломмен Карташов Виталий, Игнатенко Егор, Ғұбаш Мейрімхан;
«Web — дизайн» құзыреттілігі бойынша:
І дәрежелі дипломмен Уалиев Аян
ІІ дәрежелі дипломмен Бисенгалиев Марсель
ІІІ дәрежелі дипломмен Землянушинов Александр;
«Автомеханик» құзыреттілігі бойынша:
І дәрежелі дипломмен Кунаков Максим
ІІ дәрежелі дипломмен Кучерявый Александр
ІІІ дәрежелі дипломмен Петчанин Максим марапатталды.
Қалған қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды.







