Орал қ., А. Каримуллин к-сі, 2/1а 8 (7112) 53-80-96 oral@itc.edu.kz Байланыс
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар

«Таза Қазақстан — жасыл экономика өзімізден басталады!»

«Таза Қазақстан — жасыл экономика өзімізден басталады!»

2026 жылғы 23 қарашада Орал ақпараттық технологиялар колледжінде «Таза Қазақстан» бастамасы аясында 1-курс студенттері арасында экологиялық зияткерлік сайыс өтті.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалануға баулу және жасыл экономиканың табиғатты қорғаудағы маңызын түсіндіру.
Студенттер командалық викторинада білімдерін сынап, практикалық тапсырмалар арқылы жасыл экономика қағидаттарын күнделікті өмірде қалай қолдануға болатынын талқылады. «EcoStartup» кезеңінде командалар қоршаған ортаны қорғауға және ресурстарды үнемдеуге бағытталған цифрлық жоба идеяларын ұсынды. 💡
Іс-шараны өткізген оқытушылар: Такирова А.М., Молдашева М.А.