Орал қ., А. Каримуллин к-сі, 2/1а 8 (7112) 53-80-96 oral@itc.edu.kz Байланыс
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар

«Таза Қазақстан» тақырыбында кураторлық сағат өтті

«Таза Қазақстан» тақырыбында кураторлық сағат өтті

23 қараша күні Орал ақпараттық технологиялар колледжінде «Мәнді тәрбие: куратор — болашақтың сәулетшісі» атты онкүндік аясында 11-топ кураторы А. С. Доскалиева «Таза Қазақстан» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.

Мақсаты — білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға баулу және табиғатты қорғауға бағытталған бастамаларын қолдау.

Кураторлық сағат барысында білім алушылар шағын жобаларын ұсынып, экобатлға қатысты және экологиялық тақырыптағы постерлерін қорғады. Олар өз идеяларын ортаға салып, қоршаған ортаны таза ұстаудың маңызы туралы ой бөлісті.