Колледжімізде наурыз мейрамы қарсаңында «Тарихқа тағзым күні» аталып өтілді. Бұл шараның мақсаты еліміздің дамуы жолында аянбай қызмет еткен қазақ зиялыларының өмірімен жастарымызды таныстыру, шығармаларын насихаттау болатын.
Кітапхана меңгерушісі Есенбаева Ардақ Қуанғалиқызының жетекшілігімен «Тарихына тағзым ететін тұлғалар» тақырыбында Ұлы Абай, Бауыржан, Жұбан, Жұмекен ақын шығармалары арқау болған тарихи-әдеби сағат оздырылды. Студенттер ақын-жазушылардың өмірі мен шығармаларынан мол мәлімет келтірілген бейнероликті көріп, кітап көрмесін тамашалады.







