Орал қ., А. Каримуллин к-сі, 2/1а 8 (7112) 53-80-96 oral@itc.edu.kz Байланыс
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ҮЛКЕН ЖЕТІСТІК!

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ҮЛКЕН ЖЕТІСТІК!

Орал ақпараттық технологиялар колледжінің студенті – еліміздің үздік 100 студентінің қатарында!

2026 жылғы 6 қарашада Астана қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментінің ұйымдастыруымен өткен «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» республикалық байқауының қорытындысы жарияланды.

Байқау нәтижесінде Орал ақпараттық технологиялар колледжінің «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 4-курс студенті Бердығали Диас жоғары нәтижеге қол жеткізіп, еліміздің үздік 100 студентінің қатарына енді!

Бұл – Диастың білімге деген құштарлығының, ізденімпаздығының, табандылығы мен кәсіби шеберлігінің айқын көрінісі.

Жетекшісі: Махметова Айша Сагынгалиевна.

Бұл жетістік – студенттің жеке жеңісі ғана емес, колледж ұжымының жүйелі еңбегі мен сапалы білім беруге бағытталған жұмысының нәтижесі.

Диасқа алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, кәсіби салада өз орнын табуына тілектеспіз!

Жеңісің құтты болсын, Диас! Жетістіктерің жалғасын тапсын! 🇰🇿👏