2026 жылғы 21 қазанда әлеуметтік педагог Кужаева Л.С. 11-топта «Мен және менің мықты жақтарым» тақырыбында тренинг өткізді.
Тренингтің мақсаты — студенттерге өздерін тереңірек тануға, бойындағы жақсы қасиеттерін анықтауға, өзіне деген сенімділігін арттыруға және басқа адамдардың мықты жақтарын байқай білуге көмектесу.



