Орал қ., А. Каримуллин к-сі, 2/1а 8 (7112) 53-80-96 oral@itc.edu.kz Байланыс
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар

Орал ақпараттық технологиялар колледжінде Республика күні аталып өтті

Орал ақпараттық технологиялар колледжінде Республика күні аталып өтті

Орал ақпараттық технологиялар колледжінде Республика күні аталып өтті

2026 жылғы 23 қазанда Орал ақпараттық технологиялар колледжінде 25 қазан – Республика күніне орай **«Менің елім – Қазақстан»** тақырыбында мерекелік іс-шара өтті.

Шараның мақсаты – білім алушылардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және еліміздің тарихы мен мемлекеттік рәміздеріне деген құрметті арттыру.

Мерекелік шараның қадірлі қонағы – колледжде ұзақ жылдар бойы тарих пәнінен сабақ берген ардагер ұстаз, Ауған соғысының ардагері Игорь Анатольевич Горнастаев болды.

Іс-шара барысында білім алушылар Отан мен туған жерге арналған әндер орындап, күмбірлетіп күй тартып, мың бұрала би биледі. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының егемендігі мен мемлекеттік рәміздеріне арналған зияткерлік викторина ұйымдастырылды.

Мерекелік шара соңында қатысушылар жерлесіміз, ақын-композитор Ескендір Хасанғалиевтің **«Атамекен»** әнін орындап, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін білдірді.

Іс-шара білім алушылардың патриоттық рухын көтеріп, ұлттық мәдениетке деген құрметін нығайтуға ықпал етті.