Орал қ., А. Каримуллин к-сі, 2/1а 8 (7112) 53-80-96 oral@itc.edu.kz Байланыс
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар

ОРАЛ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІНДЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ КЕҢЕС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

ОРАЛ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІНДЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ КЕҢЕС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

ОРАЛ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІНДЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ КЕҢЕС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

«Орал ақпараттық технологиялар колледжі» МКҚК-да Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының (5-бабы, 25-тармақшасы) негізінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында индустриялық кеңестің қызметін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №566 бұйрығын орындау мақсатында білім беру бейіні бойынша әлеуметтік серіктестер, сала кәсіпорындары қатарынан алқалы орган -индустриялық кеңес құрылды.

Индустриялық кеңес колледжде іске асырылатын білім беру бағдарламаларының өзектілігі, сапасы және стратегиялық қажеттілігі бойынша, еңбек нарығының талаптарына сәйкес жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мақсатында дуальді оқытуды, модульдік-құзыреттілік тәсілді әзірлеу мен ұйымдастыруда сараптамалық және техникалық көмек көрсету бойынша консультациялар мен ұсынымдар беру мақсатында құрылды.

Колледждің Индустриялық Кеңесі консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 2022 жылдың 15 ақпанында колледждің индустриалды кеңесінің бірінші отырысы өтті. Колледждің индустриалды кеңесінің құрамына әлеуметтік серіктестер ұйымдарының «IT Group Operating» ЖШС, «ҰАТ» АҚ, «Арба» тірек-қимыл аппаратының қызметі бұзылған мүгедек-азаматтарды қолдау қоғамы» қоғамдық бірлестігі, түлектер, студенттер және колледж өкілдері кіреді.

Колледж директорының м.а. Ахметова Бахытгуль Сергеевна барлық қатысушыларды құттықтап, колледж қызметінің негізгі бағыттарымен, «Жас Маман» жобасын енгізумен, жобаға байланысты жаңа мүмкіндіктер туралы таныстырды. Еңбек нарығының талаптарына сәйкес жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау бойынша әрі қарай бірлескен жемісті жұмыс тіледі.

Директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Дуйсенова Гулзада Едигеновна колледждің Индустриялық кеңесінің барлық мүшелерін индустриялық кеңестің ережесімен, индустриялық кеңестің ағымдағы оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.

Отырыста жұмыс жоспарын талқылау жүргізілді, тиісті саладағы кәсіпорындарды колледждің оқу үдерісіне тарту бойынша мүмкіндіктер мен жағдайлар талқыланды. Отырыс барысында индустриялық кеңес мүшелерінің кеңес жұмысын одан әрі бағыттау туралы пікірлері айтылды.