Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасын әзірлеп, көктем мерекесінің мазмұнын байытуды тапсырған.
Осы тұжырымдама негізінде Орал ақпараттық технологиялар колледжінде Көрісу мейрамы аталып өтілді. Оқытушылар мен студенттер бір-бірімен көрісіп, «Бір жасыңмен», «Жасың құтты болсын!» деп бір-біріне ізгі тілектерін жеткізді.




