Орал қ., А. Каримуллин к-сі, 2/1а 8 (7112) 53-80-96 oral@itc.edu.kz Байланыс
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар

«Кітап оқитын ұлт»

«Кітап оқитын ұлт»

22.10.2026ж. Орал ақпараттық технологиялар колледжінің акт залында «Кітап оқитын ұлт» респубикалық жобасы аясында 1-курс оқушыларымен Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасы бойынша кітап сағаты өтті. Мақсаты: батырлық пен батылдықтың, елдік пен ерліктің, тәрбие мен даналықтың символы Бауыржан Момышұлының шығармаларымен танысу, «Ұшқан ұя» повесіндегі қазақи тәрбиенің қайнар көздері, отбасы және ұлттық құндылықтарды: салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа байланысты жазушының көзқарасы мен ой тұжырымдарын ұрпақ тәрбиесіне үлгі етіп алу.Оқушыларға автор туралы бейнеролик көрсетіліп, слайдтар топтамасы ұсынылды. Бұл шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің 2026 жылғы 16 мамырдағы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында өтіп жатыр.