Орал қ., А. Каримуллин к-сі, 2/1а 8 (7112) 53-80-96 oral@itc.edu.kz Байланыс
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

2026 жылғы 10 қарашада Орал қаласындағы №9 жалпы орта білім беретін мектепте Орал ақпараттық технологиялар колледжінің оқытушысы М.Б. Сапаров болашақ талапкерлерді тарту және колледж мамандықтарын таныстыру мақсатында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.

Кездесу барысында оқушылар білім алу мүмкіндіктері, сұранысқа ие мамандықтар және болашақта жұмысқа орналасу перспективалары туралы ақпарат алды. Оларға колледж туралы толық мәлімет жазылған ақпараттық парақшалар таратылды.

Біздің мақсатымыз — болашақ түлектерге мамандықты саналы түрде таңдауға көмектесу және табысты болашаққа жол ашу!

Орал ақпараттық технологиялар колледжі — мамандық пен табысқа бастайтын сенімді қадамың!