Орал қ., А. Каримуллин к-сі, 2/1а 8 (7112) 53-80-96 oral@itc.edu.kz Байланыс
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар

Қайырымды істер марафоны жобасы

Қайырымды істер марафоны жобасы

Қайырымды істер марафоны жобасы аясында Асан ауылында орналасқан «Ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ұйымдастырған игі шараға Орал ақпараттық технологиялар колледжінің бір топ студенті қатысты.
Шара барысында киелі жануардың қасиеті, атқа мінудің пайдасы туралы айтылды. Студенттер өз қалауларымен табиғат аясында атқа мініп, бір сергіп қалды.