Орал қ., А. Каримуллин к-сі, 2/1а 8 (7112) 53-80-96 oral@itc.edu.kz Байланыс
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар

АДАЛ АЗАМАТ — АДАЛДЫҚ, ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢ!

АДАЛ АЗАМАТ — АДАЛДЫҚ, ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢ!

2026 жылғы 20 қазанда Орал ақпараттық технологиялар колледжінде кураторлар, топ жетекшілері және өндірістік оқыту шеберлері әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.

🎯 Кездесудің тақырыбы — «Адал азамат» тұжырымдамасы аясында студенттердің бойында адалдық, отансүйгіштік және еңбекқорлық мәдениетін қалыптастыру.

Отырыс барысында қатысушылар академиялық адалдыққа тәрбиелеу, студенттердің жеке жауапкершілігін арттыру, құқықтық мәдениет пен заңға құрмет қалыптастыру мәселелерін талқылады.

💬 «Ашық микрофон» форматында кураторлар практикалық тәжірибелерімен бөлісіп, адалдық пен еңбекқорлықты дамытуға бағытталған жобалық жұмыс мысалдарын қарастырды. Сондай-ақ жастардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудағы тәлімгердің рөлін талқылады.

⚖️ «Заң және тәртіп» тақырыбындағы практикалық пікірсайыс ерекше қызығушылық тудырды.

Кураторлардан құралған екі команда академиялық адалдықты қалыптастыруда қатаң әкімшілік жазалар мен сендіру әдістерінің тиімділігі жөнінде әртүрлі көзқарас білдірді.

🔹 «Заң және тәртіп» командасы белгіленген ережелерді сақтаудың, құқық бұзушылық үшін жауапкершіліктің және жазаның бұлтартпастығы қағидатының маңызын атап өтті.