25.11.2026ж. Бүгін колледж кітапханасында «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» шығармасы бойынша оқырман сағаты өтті. Оқырман сағатына колледж оқытушылары қатысып шығарма жайлы ой бөлісіп, пікірлерін ортаға салды. Жазушының әйгілі хикаяты махаббат тақырыбына арналған. Шығармада қарапайым ауыл қызы Шұға мен жігіт Әбдірахманның сүйіспеншілігі суреттеледі. Алайда тағдыр тауқыметімен қосыла алмаған екі жас бір-біріне адал қалады, автор сол заманның әлеуметтік теңсіздігін, ғашықтардың мұңын шебер бейнелеген.
Құрметті оқырмандар, баршаңызды «Кітап оқитын ұлт» жобасына қатысып көптеп кітап оқуға шақырамыз!



