Орал қ., А. Каримуллин к-сі, 2/1а 8 (7112) 53-80-96 oral@itc.edu.kz Байланыс
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар

Колледжде эвакуация бойынша оқу-жаттығу өтті

Колледжде эвакуация бойынша оқу-жаттығу өтті

Орал ақпараттық технологиялар колледжінде төтенше жағдай кезінде ғимараттан қауіпсіз эвакуациялану және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша оқу-жаттығу өткізілді. Шараға Орал қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының және өрт қауіпсіздігі саласының мамандары қатысты.

Оқу-жаттығу барысында білім алушылар мен қызметкерлердің дабыл берілген кездегі іс-қимылы, ғимараттан қауіпсіз шығу тәртібі және белгіленген орынға жиналу жолдары пысықталды. Мамандар төтенше жағдайда сабыр сақтаудың, эвакуация бағыттарын ұстанудың және жауапты қызметкерлердің нұсқауларын орындаудың маңызын түсіндірді.

Мұндай оқу-жаттығулар колледж ұжымының төтенше жағдайға дайындығын арттырып, әр адамның өз қауіпсіздігі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.