«Жеңіске жету – табандылық пен еңбектің нәтижесі»: Орал ақпараттық технологиялар колледжінде республикалық байқау жеңімпазымен кездесу өтті
2026 жылдың 12 қараша күні «Орал ақпараттық технологиялар колледжі» МКҚК 1-курс білім алушыларының қатысуымен маңызды кездесу ұйымдастырылды.
✨Іс-шараның басты қонағы – ағымдағы жылдың 6 қарашасында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің ұйымдастыруымен өткен «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» республикалық байқауының жеңімпазы атанған, «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 4-курс студенті Бердығали Диас болды.
Жылы әрі шынайы форматта өткен кездесу барысында Диас бұл белеске қалай жеткені туралы сыр бөлісіп, алға қойған мақсатқа жету жолындағы ізденістері мен жетістіктері жайлы айтып берді. Сондай-ақ ол бұл жетістікте колледж әкімшілігі мен жетекшісінің көрсеткен қолдауы мен сенімі ерекше рөл атқарғанына тоқталды.
Жас буын өкілдеріне арналған сөзінде Диас колледж қабырғасында жүрген әрбір студент уақытты тиімді пайдаланып, өз әлеуетін толық ашуы қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, жастарды білім мен ғылымға ұмтылуға, өз туғ�



