2026 жылғы 12 қарашада Орал қаласындағы №26 жалпы орта білім беретін мектепте Орал ақпараттық технологиялар колледжінің оқытушысы З.Б. Джалмуратова кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Кездесу болашақ талапкерлерді колледжге тартуға және оның мамандықтарын таныстыруға бағытталды.
Кездесу барысында оқушылар оқу мүмкіндіктері, сұранысқа ие мамандықтар және болашақта жұмысқа орналасу перспективалары туралы ақпарат алды. Оларға колледж туралы толық мәлімет жазылған ақпараттық парақшалар таратылды.
Біздің мақсатымыз — болашақ түлектерге мамандықты саналы түрде таңдауға көмектесу және табысты болашаққа жол ашу!
Орал ақпараттық технологиялар колледжі — мамандық пен табысқа бастар сенімді қадамың! 🎓




