2025 жылдың 27 қараша күні Орал ақпараттық технологиялар колледжінде Студенттік парламент Президентін сайлауы өткізілді. Сайлауға 1 курс студенттерінен 4 кандидат ұсынылды:
1. Махсот Ұлан — 14-топ
2. Пшеничная Виктория — 15-топ
3. Сұлтанғали Батухан — 11-топ
4. Рустам Арсен — 11-топ
Кандидаттар сайлау науқанына үлкен жауапкершілікпен қарап, «Жастар. Даму. Шығармашылық» тақырыбында өз жобаларын әзірледі.
✨Онлайн дауыс беру нәтижелері бойынша ең көп дауыс жинаған 14-топ студенті Махсот Ұлан Студенттік парламенттің Президенті болып анықталды.



