🔰2025 жылдың 18 қыркүйек күні Орал ақпараттық технологиялар колледжінің 1 курс білім алушыларына “Ерлікке тағзым!” тақырыбында Ерлік сағаты өткізілді. Сабақты колледждің АӘТД пәнінің ұйымдастырушы-педагогі М. Аққалиев колледж базасындағы М. Мәметова атындағы музейде ұйымдастырды.
Сабақ барысында оқытушы студенттерге жерлес батыр қыздың ерлікке толы өмір жолы мен Ұлы Отан соғысындағы жанқиярлық батырлығы туралы кеңінен әңгімелеп берді. Маншүк Мәметованың ерлікпен қаза тапқан жері — Невель қаласы маңындағы майдан даласы туралы тарихи деректер келтіріліп, батыр қолданған соғыс құралдары, жеке заттары мен мұрағаттық материалдар көрсетілді.
Бұл шараның басты мақсаты — студенттердің бойында патриоттық рухты қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, батырлардың ерлігін үлгі ету болды. Жастарға ел қорғаған ерлердің есімін қастерлеу, олардың мұрасын дәріптеу арқылы отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілікті нығайту көзделді.



