2026 жылғы 5 қарашада Орал қаласындағы №5 жалпы орта білім беретін мектепте Орал ақпараттық технологиялар колледжінің оқытушысы М. М. Сисекенова кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Кездесу болашақ талапкерлерді колледжге тартуға және оның мамандықтарын таныстыруға бағытталды.
Кездесу барысында оқушылар колледжде білім алу мүмкіндіктері, сұранысқа ие мамандықтар және оқу бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу перспективалары туралы ақпарат алды. Оларға колледж туралы толық мәлімет берілген ақпараттық парақшалар таратылды.
Біздің мақсатымыз — болашақ түлектерге мамандықты саналы түрде таңдауға көмектесу және табысты болашаққа жол ашу!
Орал ақпараттық технологиялар колледжі — мамандық пен табысқа бастайтын сенімді қадамың!








