Орал ақпараттық технологиялар колледжі педагогтерінің арасында «Ашық сабақ: Ізденіс. Талпыныс. Жаңашылдық» педагогикалық фримаркет облыстық ашық сабақ байқауының колледжішілік кезеңі 20 қазан – 4 қараша аралығында өткізіліп өз мәресіне жетті.
23 қазан күні тарих пәнінің оқытушысы Макарова Асель Куантаевнаның «Әлемдік діндер және өркениеттердің дамуы» тақырыбындағы сабағы 12 топта өтті.



