Орал қ., А. Каримуллин к-сі, 2/1а 8 (7112) 53-80-96 oral@itc.edu.kz Байланыс
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар

Орал ақпараттық технологиялар колледжінде цифрлық жобалар таныстырылды

Орал ақпараттық технологиялар колледжінде цифрлық жобалар таныстырылды

2026 жылғы 2 қарашада Орал ақпараттық технологиялар колледжінің әкімшілігі колледждің білім беру және ішкі инфрақұрылымын жетілдіруге бағытталған бірқатар цифрлық жобалардың жұмысымен танысты.

Таныстырылым барысында колледждің ақпараттық киоскі және «AsHana Digital: Білім алушылардың тамақтануын есепке алудың QR-жүйесі» жобалары көрсетілді.

Ақпараттық киоск білім алушыларға, оқытушыларға және келушілерге колледж туралы қажетті ақпаратты қолжетімді түрде ұсынуға арналған. Киоск жүйесінде сабақ кестесін көру, сондай-ақ колледж қызметіне қатысты түрлі ақпараттар мен анықтамалық мәліметтерді алу мүмкіндіктері қарастырылған.

Сонымен қатар, AsHana Digital жобасының жұмысы таныстырылды. Бұл — QR-код арқылы білім алушылардың тамақтануын есепке алуға арналған цифрлық жүйе. Жобаның негізгі мақсаты – асхана жұмысын автоматтандыру, тамақтану есебінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру.

Аталған жобалар колледжде заманауи ақпараттық технологияларды енгізу, ішкі үдерістерді автоматтандыру және білім алушылар мен қызметкерлер үшін қолайлы цифрлық орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстардың нәтижесі болып табылады.

Цифрландыру – заманауи әрі тиімді білім беру ортасын қалыптастырудың маңызды қадамы!