Орал қ., А. Каримуллин к-сі, 2/1а 8 (7112) 53-80-96 oral@itc.edu.kz Байланыс
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар

Буллингке жол жоқ!» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді

Буллингке жол жоқ!» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді

Бүгін, 28.10.2026 жылы, Орал ақпараттық технологиялар колледжінің 1-курс, 16-тобында педагог-психолог Губашева Қ.Н. мен әлеуметтік педагог Кужаева Л.С. бірлесіп, «Буллингке жол жоқ!» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.

Тренингтің мақсаты — буллингтің алдын алу, студенттер арасында өзара сыйластықты қалыптастыру және қауіпсіз психологиялық орта құру.

Тренинг барысында буллингтің түрлері мен салдары талқыланып, жанжалдарды бейбіт жолмен шешу, бір-біріне құрметпен қарау және қолдау көрсету жолдары түсіндірілді. Студенттер жағдаяттық тапсырмалар орындап, өз ойларымен бөлісті.

💙 Әр адам құрметке лайық!
🤝 Бір-бірімізді қолдайық!
🚫 Буллингке жол бермейік!