11.09.2024 жылы Орал ақпараттық технологиялар колледжінде 1 курс студенттеріне арналған “Адалдық сағаты” атты бірыңғай сынып сағаты өтті.
Қазіргі әлемде қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне тікелей әсер ететін қауіпті әлеуметтік құбылыстардың бірі-сыбайлас жемқорлық. Ол елдің экономикалық саясаты мен даму стратегиясын бұрмалайды, мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік меншікті тікелей немесе жанама ұрлауға әкеледі. Біздің еліміздің болашағы зор, ол барлық қиындықтарды жеңе алады және одан да әдемі болады деп сенеміз. Кез-келген жағдайда заңды айналып өтпестен дұрыс шешім табуға тырысыңыз.













