Орал қ., А. Каримуллин к-сі, 2/1а 8 (7112) 53-80-96 oral@itc.edu.kz Байланыс
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. WorldSkills

2025 жылғы 26 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында 2025 жылдың үздіктерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

?Салтанатты жиынның ашылуында Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин сөз сөйлеп, Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өңірде жүзеге асырылған жаңа бастамаларға тоқталды. Сонымен қатар колледждер мен педагогтердің республикалық және халықаралық деңгейдегі байқауларда, сондай-ақ WorldSkills чемпионаттарында қол жеткізген жоғары нәтижелерін атап өтті.
?Іс-шара барысында үздік мамандарға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің Құрмет дипломы, білім басқармасы атынан Алғыс хат, сондай-ақ «Жыл үздігі – 2025» лентасы табысталды.
✨Аталған салтанатты шарада республикалық деңгейде өткен байқауларда жоғары нәтиже көрсеткен Орал ақпараттық технологиялар колледжінің бірнеше педагогі Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Е. Сафуллиннің Алғыс хатымен марапатталды.
?Сонымен қатар салтанатты басқосудың ең маңызды сәттерінің бірі – «Үздік колледж – 2025» рейтингінің қорытындысы бойынша Орал ақпараттық технологиялар колледжінің жүлделі ІІІ орынға ие болуы болды.
?Әріптестерімізді және колледж ұжымын зор жетістікпен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы еңбектеріне толағай табыс, шығармашылық жетістіктер мен жаңа белестер тілейміз.
?26 декабря 2025 года среди организаций технического и профессионального, послесреднего образования Западно-Казахстанской области состоялась торжественная церемония награждения лучших по итогам 2025 года.