- Басты бет
- Оқу
- Кітапхана
Кітапхана
| Есептеу техникасы | Механикалық өңдеу, бақылау-өлшеу аспаптары және өнеркәсіптегі автоматика |
| Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу | Оқу-әдістемелік материалдар |
| Okulyk.kz | ҚР Білім және ғылым министрлігі |
| Көркем кітаптар |
Орал ақпараттық технологиялар колледжінің құрылымдық бөлімшелерінің бірі кітапхана болып табылады, ол оқу үдерісін кітапханалық – ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады және білім, мәдениет және рухани қарым-қатынас тарату орталығы болып табылады.
Кітапхана қоры-әмбебап. Ол ғылыми, оқу, анықтамалық әдебиеттерді, CD-ROM оқу басылымдарын, нормативтік құжаттарды, ақпараттық материалдарды, мерзімді басылымдарды, бейнефильмдерді, тіл білімі бойынша аудиоөнімдерді қамтиды. Электронды басылымдар қоры-300-ден астам.
Оқырмандарға қызмет көрсету үшін кітапханада компьютерлермен, көп функцональды басып шығару құрылғысымен, проектормен жабдықталған абонент залы жұмыс істейді.
Колледждің ақпараттандыру деңгейі кітапхана жұмысында және білім беру үдерісінде оқу ноутбуктерін пайдалануға мүмкіндік береді. Студенттердің колледждің білім беру порталына оқу мақсатында өз бетімен шығу мүмкіндігі, мультимедиялық технологияларды, интерактивті білім беру бағдарламаларын пайдалану кітапхананың әлеуетін едәуір кеңейтеді. Кітапхана заманауи, жылдам, лазерлі сканермен, оқушылар үшін де, кітапхананың электрондық қорын толықтыру үшін де дайын электрондық кітапқа жылдам сканерлеу, тану және экспорттауды орындауға мүмкіндік беретін өзіндік бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған. «Мобильді кітапхана» бұрышы бар. Электрондық үкімет қызметтерін egov.kz порталда алуға ыңғайлы болу үшін колледж оқушылары мен қызметкерлері өз-өзіне қызмет көрсету бұрышын ұйымдастырды.
Кітапхананың негізгі мақсаты – электронды, ақпараттық ресурстарды жинақтауды, сақтауды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, кітапхана қорын молайту. Міндеттері: электрондық қорларды жинақтау, ақпараттық, білім беру және мәдени орталықтармен байланысты нығайту болып табылады.
Кітапхананың жұмыс тәртібі:
9.00-ден 18 00-ге дейін.
Түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Демалыс-сенбі, жексенбі.
Санитарлық күн-әр айдың 30 күні.
ОРАЛ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ КІТАПХАНАСЫ ОҚЫРМАНДАРЫНЫҢ АБОНЕМЕНТ ЖӘНЕ ОҚУ ЗАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕСІ
ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ БҰЙРЫҒЫМЕН БЕКІТІЛГЕН.
17 ТАМЫЗ 2000 Ж. №827
Үлгі ереже техникалық кәсіптік білім беру ұйымдарының оқырмандарына қызмет көрсетуді ұйымдастырудың жалпы тәртібін, кітапхана мен оқырманның құқықтары мен міндеттерін реттейді
Абонементті пайдалану қағидалары
1.1 Абонементте әдебиет үйге мына мерзімге:
қоғамдық ғылымдар жөніндегі әдебиет кітап санын шектеусіз бір оқу жылына;
оқу және әдістемелік әдебиет белгіленген мерзімде міндетті қайта тіркеуден өткізіліп тиісті пәнді оқу мерзіміне;
ғылыми және арнаулы әдебиет-2-3 кітаптан – 20 күнге;
көркем әдебиет – 1-2 кітаптан – 20 күнге;
өткен жылдардың мерзімді басылымдары 5 атаумен – 20 күнге беріледі.
1.2. Пайдалану мерзімі егер материалға оқырмандар тарапынан сұраным болмаған жағдайда ұзартылуы, немесе басылым тек бір дана, немесе сұраным көп болған жағдайда қысқартылуы мүмкін.
1.3. Оқырман алынған әрбір дана үшін кітап немесе оқырман формулярына қол қояды, кітаптарды қайтарғанда оқырман қолы кітапханашы қолымен өшіріледі.
1.4. Топ сабақтарында пайдалану үшін оқулықтар абонементте оқытушының жазбаша талабы бойынша беріліп, топтың кезекші оқушысының қол қоюымен тіркеу журналына жазылады, топ сабағына алынған оқулықтар үшін оқытушы жауап береді.
Оқу залын пайдалану қағидалары
1.1 Оқу залында кітап беру бірыңғай оқырман билеті бойынша жүргізіледі.
1.2 Кітап беру оқырманның әрбір басылымның кітап формулярына қол қоюымен толтырылады.
1.3 Жеке залы жоқ кітапханаларда кітапхананың жұмыс уақыты шегінде әдебиетті оқу орнының қабырғасында пайдалану үшін абонементте бірыңғай оқырман билетімен беріледі, бір күнге алынғанәдебиеттің уақытылы қайтарылуы қадағаланады.
1.4 Оқу залына жеке және кітапхана кітаптарымен, газет-журналдарымен және басқа да баспа басылымдарының кесінділерімен кіруге болмайды.
1.5 Әдебиетті оқу залынан шығаруға тиым салынады, осы қағиданы бұзған жағдайда оқырмандар кітапхана әкімшілігі белгілеген мерзімге кітапхананы пайдалану құқығынан айрылады.
Колледж кітапханасының оқырмандары міндетті
— кітапхана қорынан алынған кітаптарға, басқа да баспа материалдарға ұқыптылықпен қарауға;
— оларды белгіленген мерзімде қайтаруға;
— оқырман бланкісінде немесе басқа есеп құжаттарында жазылмаса, оларды кітапханадан шығаруға болмайды;
— жазбалар жасамауға және тәтіннің астын сызып белгілемеуге;
— кітап парақтарын жыртпауға және бүктемеуге.
2.1 Кітаптарды, баспа туындыларын алған кезде оқырмандар басылымдарды мұқият қарап шығуы керек және қандай да бір ақаулар анықталған жағдайда бұл туралы кітапханашыға хабарлауы керек; әйтпесе, басылымды соңғы пайдаланған оқырман кітаптардың бүлінуі үшін жауапты болады.
2.2 Оқырмандар жазғы демалыс пен демалысқа шығар алдында өздеріне берілген барлық әдебиеттерді қайтаруға міндетті.
2.3 Оқырмандар колледжден шыққан кезде өз атында көрсетілген басылымдарды кітапханаға қайтарып, шығару парағына қол қоюға міндетті.
2.4 Басылымдардың жоғалуына немесе бүлінуіне жауапты оқырмандар оларды сол басылымдарға немесе кітапхана баламасы деп таныған басылымдарға ауыстыруға міндетті, ал ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда басылымдардың құнын өтеуге міндетті.
Оқырман міндетті:
• Кітаптарға, кітапхана қорынан алынған мөр басылған шығармалар мен басқа да материалдарға ұқыптылықпен қарауға;
• Бекітілген мерзімде оларды қайтаруға;
• Егер оқырман формулярында немесе басқа да есеп құжаттарында жазылмаған болса оларды кітапханадан алып шықпауға;
• Оларға сызу, жазуларды жасауға, жыртуға және беттерді майыстырмауға;
• Кітапты, мөр басылған шығармаларды немесе басқа да құжаттарды алған кезде, оқырмандар мұқият қарап шығып, кемшіліктері мен ақауларды байқаған жағдайда кітапхана қызметкеріне белгі жазу үшін хабарлауға;
• Оқу жылы соңында қолында бар әдебиеттерді кітапханаға тапсыруға;
• Колледжді бітірген кету қағазына қол қойдыруға;
• Кітапты, мөр басылған шығармаларды немесе басқа да құжаттарды жоғалтып алған кезде немесе абайсызда бүлдірген жағдайда оның ақысын колледждің есеп құжаттарында көрсетілген бағасынан «Кітапхана ісі туралы» заңға сәйкес 5 есе көлемдегі ақыда төлем жүргізуге.
Барлық оқытушылар – басқа жұмысты қатар жасайтындар мен сағат бойынша істейтіндер оқу жылы соңында кету қағазына қол қойғызуға міндетті.
2024
- DOC2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспарыDOC · 93,5 КБ · қаз. · 23.12.2024
- DOCX«Оқуға құштар колледж» жобасы аясында 2024-25 оқу жылында өткізетін көпшілік шараларыDOCX · 15,4 КБ · қаз. · 23.12.2024
2023
- PDFАзольский А. ДиверсантPDF · 1,6 МБ · орыс. · 10.02.2023
- PDFБрайан Трейси. Достижение максимумаPDF · 1,7 МБ · орыс. · 10.02.2023
- PDFВоронов В. Героями не рождаютсяPDF · 1,5 МБ · орыс. · 10.02.2023
- PDFЛитвак М. Если хочешь быть счастливымPDF · 4,7 МБ · орыс. · 10.02.2023
- PDFМельник С. Попаданец местьPDF · 1,4 МБ · орыс. · 10.02.2023
- PDFПушкин А.С. Капитанская дочкаPDF · 694,5 КБ · орыс. · 10.02.2023
- PDFРосоховатский И. УченикPDF · 83,4 КБ · орыс. · 10.02.2023
- PDFШишков В. Угрюм-рекаPDF · 4,8 МБ · орыс. · 10.02.2023

